KZ
Өскемен
-23°
пасмурно жел 1 м/с, С
522.42 543.89 5.28

Өскеменде қамауға алынған әйел тергеу изоляторында босанды

18.01.2021, 14:43 94

Өскемен қаласында қамауға алынған 30 жастағы әйел тергеу изоляторында босанды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жүктіліктің 8-ші айында қамауға алынған келіншек жеке камераға орналастырылған. Толғақ басталған кезде уақытша ұстау изоляторындағы медициналық бөлімнің қызметкерлері жедел жәрдем шақырып, оны ауруханаға жеткізді.

«Ол аман-есен қыз туып, тергеу изоляторына қайта оралды. Біз өз тарапымыздан барлық қажетті заттармен қамтамасыз еттік. Қазір әйелге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Ол қызды күйеуіне және туыстарына беру туралы шешім қабылдады. Мекеме қызметкерлері бәрін ұйымдастырып, баланы күйеуіне тапсырды», - деп хабарлады ведомство өкілдері

Босанған келіншек тергеу изоляторының қызметкерлері өзіне үлкен көмек көрсеткенін айтты. Өйткені, перзентханада болған кезде карантинге байланысты туыстары оған бара алмаған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу