KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 2 м/с, В
443.03 480.38 4.91

Өскемен гарнизонында офицерлердің кәсіби біліктілігі артты

11.11.2020, 15:00 135
Өскемен гарнизонында тәрбие құрылымдарының офицерлерімен нұсқаулық-әдістемелік сабақ ұйымдастырылды.
Мақсат - гарнизонның тәрбиеші офицерлерінің кәсіби білімі мен дағдыларын жетілдіру.
Нұсқаулық-әдістемелік сабақ барысында тәрбиеші офицерлердің жаңа оқу жылына мемлекеттік-құқықтық дайындық, жеке құраммен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру сынды тақырыптар қозғалды. Әскери бөлімнің психологы майор Асел Қасымжанова жеке құраммен жеке әңгімелесу, олардың моралдық-психологиялық және іскерлік қасиеттерін зерделеу жұмыстары туралы сабақ өткізді.

Сонымен қатар, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының
профессоры, филология ғылымдарының докторы Амантай Жылқыбаева «Шешендік өнердің шежіресі» тақырыбында ұйымдастырды.
Тәжірибе алмасу аясындағы әдістемелік сабақ тақырыптары толығымен ашылып, мақсаттарға қол жеткізілді. Тәжірибе алмасудағы мұндай іс-шаралар алдағы уақытта жалғасын тауып, өткізіліп тұратынын айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив