KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 2 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

Мешіт маңайына асфальт төсеп берді - Аягөз

11.11.2020, 13:13 112
Биыл  аудан орталығы Аягөз қаласында бірнеше көшеге асфальт төселіп, кейбірі құммен тегістелді.
– Жуырда аудан әкімі Сейілбек Ықақовтың пәрменімен Ақтамберді көшесі мен мешіт үйі орналасқан жердің ауласына асфальт жайылып, мешіт маңайы абаттандырылды.  Сондықтан, барша Аягөз ауданының халқы атынан, мешіт ақсақалдарының, жамағатының атынан аудан басшысына, «Нұрлы жол-КZ» команиясының ұжымына зор алғысымызды білдіргіміз келеді. «Жақсының жақсылығын айт: нұры тасысын» дейді бабаларымыз. Елге қызмет етіп жүрген  азаматтарға Алланың үйіне деген, асыл дінімізге деген  қамқорлығы мен ыстық ықыластары үшін зор алғыс айтқымыз келеді, – дейді аудандық мешіттің бас имамы Думан Сайфулла.
Шынында да қазір Аягөз қаласындағы Орталық мешіт үйінің маңайы адам сүйсінерліктей үлкен өзгеріске түскен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив