KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 4 м/с, СБ
511.22 540.05 4.73

Өзгеше Өскемен

19.06.2024, 15:00 11 956 Мадина Амангелдіқызы

Еліміздегі облыс орталықтарының ішінде бірінші болып өз дизайн-кодын бекіткен қала – Өскемен. Бұл бүгінгі уақыт талабына, талғамына сай жаңаша сипатта дамудың бастауы болды. Тың сүрлеу, соны соқпақ. Өндірісті қалада өзгеріс көп...

Айтпақшы, мұндай сәулеттік құжат Астана мен Алматыда ғана болғанын еске саламыз. Енді мегаполистердің қатарына Өскемен де қосылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қала әкімдігінің арнайы тапсырысымен жасалған дизайн-код абаттандыру жұмысын жүйелі жүргізуге мүмкіндік беретінін айтады мамандар. Ондағы басты мақсат – көшелерді, көп қабатты үйлердің қасбетін, аулалар мен скверлерді және басқа да сәулет нысандарын бірыңғай стильде жаңғырту.

 

Дегенмен көненің көзіндей болған өткен ғасырдың 50-70 жылдарында салынған ғимараттар мен тұрғын үйлердің архитектуралық стилі сақталатынын айта кету керек. Бұл келімді-кетімді туристер үшін қажет.

 

  

Есесіне, Ертістің сол жақ жағалауында бүкіл сән-салтанатымен бой түзеген жаңа ықшамаудандар заманауи үлгіде дамиды. 

 

– Дизайн-код – қаланың сәулеттік келбетін ретке келтіретін тәртіп. Біз Өскемендегі бірқатар орталық көшенің дизайн-коды әкімдік қаулысымен бекітілді. Жоба бойынша жұмысты Қазақстан көшесінен бастадық. Мұнда адамдар көп жүреді. Коммерциялық нысандар да көп орналасқан. Қаладағы тұрғын үйлердің ең төменгі қабаты негізінен кәсіпкерлерге тиесілі. Сондықтан олар да ғимараттарын осы дизайн-код негізінде жөндейтін болады, – деген еді Жақсылық Омар.

 Көз тартар көрікті көше

Өскемендегі орталық көшелердің бірі – Қазақстан. Мұнда қазір абаттандыру жұмысы қызу жүріп жатыр.

 

Бұл көшенің бойындағы көп қабатты үйлердің қасбеті бірыңғай сәнге келтіріліп, орталық базардың маңындағы жаяу адамдар жүретін жолдың бойы ретке келтірілуде. Сол сияқты орталық универсамның алдындағы алаң, орталық базардан Пушкин кітапханасына дейінгі аралық көз тартар көрікті аумаққа айналады. 

 

 

Көп деңгейлі жолайырық көлік кептілісін сейілтеді

Өскеменде қолға алынған бірнеше ірі жоба бар. Солардың бірі – қаладағы көлік кептелісін азайту үшін Жібек жолы, Базовая көшелері мен Сәтпаев, Есенберлин даңғылдарының қиылысында салынып жатқан жол айырығының құрылысы. Мұнда қазір жерді қазу, жол бойындағы ағаштарды кесу, коммерциялық нысандарды көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әзірге жол айырыққа айналма жол ғана түседі. Кейін қаржылық мүмкіндікке қарай көп деңгейлі эстакада (жол айырық) салу жоспарда тұр. Күрделі жол айырығының тағаны қазірден қалана бастағанын көруге болады. Жыл басынан бері бұл жерде құрылыс қызу жүріп жатыр. Жобаның маңыздылығы туралы бұрыннан айтылып жүр. 

  

Базовая көшесі де кеңейтіліп жатыр. Өйткені «Нұрлы жол» шағын ауданында зәулім тұрғын үйлердің көптеп салынып, мұндағы халық санының өсуі жүріп-тұратын көліктердің ағынын арттырды. Жолдарды кеңейту қажеттігі содан туындап отыр.

 
Шаһардағы көлік кептелісін тарқататын тағы бір жоба – Ертіс көпірінің астынан өтіп Пермитина көшесі мен Е.Славский жағалауын жалғайтын көлік жолы. Көпірасты жолының құрылысы қазір қарқынды жүріп жатыр.

Жоба аяқталғанда Ертіс көпірінің алқымында тығындалып тұратын көліктердің ағыны азаяды. Біріншіден, Жеңіс даңғылынан келетін көліктер бірден Е.Славский жағалауына қарай іркіліссіз жүре алады. Екіншіден, Желтоқсан көшесіндегі көлік жолы төрт жолаққа дейін кеңейеді. Үшіншіден, Е.Славский жағалауынан Желтоқсан көшесіне қарай шығатын немесе кері бағытта жүретін көліктер көпірдің астымен еш кедергісіз зулай береді. Яғни, айналма жолда кептелісте тұрмайды. Мамандардың есебінше, айналма жолдың (бұрын Бәйтерек тұрған) өткізу мүмкіндігі қазіргі уақыттағы көліктердің ағынына сай келмейді. Бүгінгі таңда бұл жердегі айналма жолмен сағатына 7-8 мың көлік жүріп жатыр. 

 


Салтанаты жарасқан Самал мен Сағадат

Сұрқай тартқан сұрғылт қалаға әдемі реңк беріп, ажарын ашып тұрған бірнеше саябақ бар. Олардың кейбірі кейінгі бір-екі жылда ел игілігіне берілген. Қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналған Самал және Сағадат саябақтарынан жаз кезінде адам аяғы үзілмейді. Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов атындағы саябақ 19-шы ықшам ауданда орналасқан. Халқының саны жылдан-жылға өсіп, керегесі кеңейіп жатқан сол жағалаудағы аудандарға мұндай керемет демалыс орны керек-ақ болған. Саябақ төрінде Халық Қаһарманының еңселі ескерткіші қасқайып тұр. 

 
Сол сияқты Есенберлин даңғылы мен Қазыбек би көшесінің түйіскен тұсында азаттықтың айбынындай болып Тәуелсіздік ескерткіші тұрғызылған. Мазмұны бай, сәулеті келіскен композиция көптің көңілінен шықты. Тәуелсіздік ескерткішіне гүл шоқтарын қоюға келетіндер, естелік үшін фотосуретке түсетіндер қатары көп.  

19-ыншы ықшам ауданда сәл ертерек пайда болған тағы бір демалыс орнында осындағы жас отбасыларға жағдай жасалған. Мұндағы сөз Өскемен Аллеясы жайлы. Бұл жерден сәбидің күлкісі үзілмейді. Қаладағы бала-шағасы көп ең базарлы ауданның бүлдіршіндері осы жерден шықпайды. 

 

 

Айтпақшы, бірнеше жыл бұрын ашылған Арбат та бүгінде қалалықтардың сүйікті демалыс орнына айналып отыр. Оған жылда бір өзгеше реңк беріліп, тартымдылығы арта түсуде. Өскемен Аллеясында бүлдіршін көп болса, Арбатта жастардың қарасы мол. Түрлі маңызды шаралардың көбі осында өтіп жатады. Әсіресе қаланың шығармашылықпен айналысатын жастары жиі бас қосады. 

 

Қабырғадан қарап тұр

Қабырғаға салынған суреттерді қала тұрғындары жылы қабылдады. Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың муралдары мұнша сәтті шығар ма еді, көрген адамның көкірегіне ұлттық рух ұялатып, санасына сәуле түсіреді. Қасқайған қарт майдангер Құрмат Рахимовтың бейнесі қайсарлықты дәріптесе, еліміздің көк байрағын биікке көтеріп тұрған балақай, хоккейші бала мен «Өскеменді» жазып жатқан бүлдіршін қыздың балдай тәтті қылығынан жарқын болашақты жазбай танисыз. 

 

- Муралдың көрген көзге әдемілік сыйлайтыны бір бөлек те, патриоттық салмағы бір бөлек, – дейді қала әкімі Жақсылық Омар.

Айта кету керек, мурал салу жұмыстары былтыр қолға алынған болатын. Қабырғаларды безендірумен Алматы қаласынан келген  "Tigrohaud crew" шығармашылық тобы айналысты. 

Үлбінің жағалауы адам танымастай өзгереді

Үлбінің оң жағалауы үлкен бір құрылыс алаңына айналған. Бұл жағалауда кейінгі 70 жылда мұндай жұмыс жүргізілмеген. Енді міне Үлбінің бойында ерекше бір демалыс аймағы бой көтеріп келеді. Мұнда балаларға арналған ойын алаңы, спорттық алаңдар, субұрқақ және басқа да нысандар салу жоспарланған. Айналасын жасыл желекпен көмкеру де назарға алынған. Құдды бір саябақ дерсіз.

  
Сонымен қоса Үлбіні бойлап Б.Александров атындағы спорт сарайынан Шәкәрім даңғылына дейін жаңа көлік жолы түседі. Мамандардың есебінше, бұл жолмен тәулігіне 4,5 мың көлік жүреді деп болжанып отыр. 


Облыс орталығында ауқымды абаттандыру жұмыстарының жүргізілуі ең әуелі қала экономикасының тұрақты дамуын көрсетеді. Экономикасы ілгері озған елдің еңсесі биік, төрт құбыласы сай болмақ.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Zreuby 6 қараша 2024 17:43
0

Zreuby 7 қараша 2024 06:45
0

Michaelpex 7 қараша 2024 07:00
0

Zreuby 7 қараша 2024 07:20
0

Zreuby 7 қараша 2024 20:45
0

CharlesSet 7 қараша 2024 22:46
0

สล็อตไม่ผ่านเอเย่นต์คือระบบเกมบนอินเทอร์เน็ตที่ให้นักเล่นเกมเชื่อมต่อเกมสล็อตแม
ชชีนได้โดยตรงจากเว็บไซต์ โดยไม่ต้องพึ่งพาตัวแทนหรือตัวกลางใดๆ ข้อดีของเว็บสล็อตตรงคือการป้องกันที่มากขึ้น เนื่องจากผู้เล่นไม่ต้องกังวลใจเรื่องการเสี่ยงจากการใช้บริการผ่านเอเย่นต์ อีกทั้งยังมีการจ่ายเงินรางวัลที่มากกว่าและโปรโมชั่นมากมาย เนื่องจากไม่มีค่าธรรมเนียมจากเอเย่นต์ ทำให้นักเดิมพันเข้าถึงเกมสล็อตได้อย่างง่ายและทันใจ พร้อมรับประสบการณ์การเล่นที่มีคุณภาพและไม่ชะงัก การเล่น สล็อตไม่ผ่านเอเย่นต์ ต่างจาก สล็อตปกติอย่างไร? สล็อตเว็บตรงเป็นทางเลือกที่ไม่มีการผ่านตัวแทน ทำให้ผู้เล่นสามารถเข้าถึงได้โดยตรง เกมสล็อตและผลตอบแทนได้โดยตรงจากผู้ดำเนินการ ลดการเสี่ยงในการเสียเปรียบหรือจ่ายค่านายหน้าสูง นอกจากนี้ สล็อตตรงยังมีความหลากหลายของเกมสล็อตให้เลือกมากกว่าในสล็อตดั้งเดิม เนื่องจากเว็บสล็อตตรงมักจะได้รับการปรับปรุงและเพิ่มเกมใหม่ๆอย่างไม่หยุดยั้ง อัตราการมอบเงิน (RTP) ของสล็อตตรงมักจะเหนือกว่าสล็อตแบบดั้งเดิม เนื่องจากไม่มีค่าธรรมเนียมพิเศษ ทำให้นักเล่นมีโอกาสรับกำไรที่คุ้มค่า ทั้งยัง ข้อเสนอและรางวัลที่หลากหลายกว่า โดยเว็บสล็อตตรงมักมีข้อเสนอที่น่าสนใจและโปรแกรมคะแนนที่ให้ความคุ้มค่ามากขึ้น ข้อเสนอพิเศษและโบนัสในเว็บสล็อตตรงที่ควรรู้ เว็บสล็อตโดยตรงมักมีโปรโมชั่นและโปรโมชั่นพิเศษที่น่าสนใจสำหรับนักเดิมพัน เริ่มตั้งแต่โบนัสสมาชิกใหม่สำหรับสมาชิกใหม่ โบนัสเติมเงิน เครดิตฟรี รวมถึงโปรแกรมสะสมแต้มที่สามารถแลกเป็นเงินหรือข้อเสนอพิเศษได้ ทำให้นักเดิมพันได้รับผลตอบแทนและสิทธิประโยชน์มากมาย การมีโปรโมชันที่น่าดึงดูดช่วยให้ผู้เล่นสามารถเพิ่มโอกาสในการชนะและลดเงินลงทุนใน
การเล่น นอกจากนี้ยังมีโปรโมชันเสริมเช่นเงินคืนบางส่วนและรางวัลพิเศษตามเทศกาลต่างๆอีกด้ว
ย สรุปแล้ว สล็อตเว็บตรงเป็นทางเลือกที่คุ้มค่าสำหรับคนที่มองหา ความสะดวกสบายและความปลอดภัยในการเล่น มีการจ่ายเงินที่มากกว่า โปรโมชั่นมากมาย และการเล่นเกมที่ลื่นไหลโดยไม่มีการใช้ตัวแทน