KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 6 м/с, Ю
493.85 519.04 4.97

Мексика ғалымдары қоқиқаздың 8 мың жылдық жұмыртқасын тапты

Фото: egemen.kz

6.08.2023, 11:29 1 167

ТАСС ақпарат агенттігінің дерегінше, Мексика ұлттық антропология және тарих институтының мамандары Мехико штатының Санта-Люсия муниципалитетіндегі Felipe Ángeles халықаралық әуежайының құрылыс орнынан тасқа айналған қоқиқаз жұмыртқасын тапқанын мәлімдеді.

Институт хабарлағандай, бұл – құрлықтық Америка аумағында табылған осындай алғашқы олжа, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

  "Ұлттық антропология және тарих институты (INAH) Felipe Ángeles халықаралық әуежайының құрылысы кезінде ерекше сақталған 8-12 мың жыл бұрынғы қоқиқаз жұмыртқасын зерттеу нәтижелерін жариялады. Қазып алынған жұмыртқаның ұзындығы – 93,491 мм, ені – 55,791 мм; ол сопақша пішінді, дақтары жоқ», делінген институт мәлімдемесінде.

Жұмыртқа топырақтың саз қабатында 31 см тереңдікте жатқан.

Ғалымдардың пікірінше, Солтүстік Американың құрлықтық палеокөлдерінде фламинго қазбаларының болуы таңғаларлық болып көрінеді, өйткені қазіргі фламинго түрлері Оңтүстік Америкада, Кариб теңізінде және Юкатан түбегінде кең таралған, ал Америка Құрама Штаттарында ол Флорида мен Мексика шығанағының солтүстік жағалауында кездеседі.

  "Санта-Люсияда жұмыртқаның табылуы қоқиқаздардың Орталық Мексиканың көлді ландшафттарының бөлігі болғанын және бұл көлдердің мұздану мен жанартау белсенділігінен өзгеріске ұшырағанын растап отыр", – деп атап өтілген INAH мәліметтерінде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу