KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 5 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

Қалалық мәслихат маңызды мәселелерді шешуге кірісті – Өскемен

Фото: Шартты сурет

24.04.2023, 16:03 220

Жақында қалалық мәслихат депутаттарының кезекті сессия отырысы өтті.
Осы жолы ел қалаулылары қаланың маңызды мәселелерін шешуге білек сыбана кіріскен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Әкімдік сессияда депутаттар қарауына бірнеше ұсыныс тастаған. Олардың ішінде, Қазақстан көшесіндегі трамвай жолдарын қайта жаңартуға қаржы бөлу, шағын аудандарды дамыту, орташа жөндеу жұмыстарын қаржыландыру сынды елеулі тақырыптар талқыланып, мақұлданған. 

–    Мен Өскемендегі атқарушы және өкілді биліктің арасында жемісті жұмыс атқарылып жатқанына қуаныштымын. Депутаттармен бірлескен жұмыстардың арқасында қаланың дамуы қарқынды және дұрыс бағытта болады деп сенемін, – деп жазды қала әкімі Жақсылық Омар.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив