KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
478.54 533.76 5.17

Теміржолшылар көшесіндегі жол жөнделді – Өскемен

Фото: Автордікі

29.05.2023, 10:33 334

Өскемен қаласында Теміржолшылар көшесіндегі жөндеу жұмыстары аяқталды. Қала әкімі жол учаскесіне барып, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» өткізген жол сапасын тексеру жұмыстарына қатысты.  

Жолдың асфальт жабыны мен бордюрлерді ауыстыру жұмыстары сәуір айының басында басталған. Аталған аумақтағы жұмыстарды атқарған мердігер мекеме – «Фирма «Жас Ұлан» ЖШС, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бір шақырымнан асатын жол аумағынының асфальт жабыны мен бордюрлері толық ауыстырылып, жұмыс аяқталды.

Жол сапасын тексеру үшін орталық мамандары жол жабынынан сынама алып, асфальт қабатының қалыңдығын тексерді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив