ШҚО ПД бастығы азаматтарды қабылдады
Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды
ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков қабылдауға келген облыс тұрғындарымен кездесті.
2 сағатқа жуық уақытқа созылған қабылдауда ПД бастығына 8 тұрғын жүгінді. Олардың кейбірі бейнеконференция арқылы байланысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Кездесу барысында қылмыстық істерді тергеу фактілеріне, жол қауіпсіздігіне, кадр саясатына қатысты түрлі мәселелер қаралды. Сонымен қатар №6 орта мектептің өкілі Айгүл Санатова қиын жағдайға тап болған отбасындағы оқушыға көмектескен Өскемен қаласы полиция басқармасының қызметкерлеріне алғыс білдірді.
Қабылдауға басқарма басшылары да қатысты. ПД бастығы оларға нақты фактілер бойынша жедел шара қабылдауды тапсырды.