Өскемен амфитеатрында өзгеше концерт өтті
Фото: Аяужан Утеулинова
27 тамыз күні Өскемен қаласындағы амфитеатрда «White Party» атты кеш өтті. Кеш форматы қарапайым концерт форматынан алшақ.
Жиналған халық интерактивті ойын ойнап, арнайы алаңдардағы ойын жабдықтарын сынап көре жүріп, әуен тыңдап, би билеу мүмкіндігін алды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ұйымдастырушылар қалыптасқан бағыттан ауытқып, жаңа дүние ұсынуды қалаған. Осындай ұсыныс тастаған ұйымдастырушыларды Өскемен әкімдігі де қолдаған.
Бұл күні кешті көруге ниет білдірген қала тұрғындарына арнайы талап қойылды. Ол – ақ түсті киім кию еді. Жас пен кәрі жиналған алаңда естелік суретке түсу үшін фотозона да орнатылған.
Естеріңізге сала кетсек, қала күніне орай бірқатар шара ойластырылған.