Өскемен: Әр мектептің жанында полиция кезекшілік етеді

Облыс орталығындағы мектептердің жанында 100-ден астам полиция қызметкері кезешілік ететін болады.
Тамыз айының соңында тәртіп сақшылары білім ордаларының маңындағы жол белгілерін және жасанды жол кедергілері бар-жоғын тексерді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, қазір облыс аумағында «Назар аударыңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс шарасы өтіп жатыр.
- Бұл шаралар балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алып, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылады. Жаз мезгілінде жол ережесін сақтамайтын тұрғындар жиі кездеседі, сондықтан біраз уақыт полиция қызметкерлері мектептердің жанында кезекшілік етеді. Сондай-ақ мектептерде оқушылармен жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша қосымша жұмыс жүргізілетін болады, – деді Өскемен қалалық ПБ жол-техникалық инспекциясы бөлімінің бастығы Сергей Коваленко.
Бұған дейін қозғалыс қауіпсіздігі мақсатында реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінің алдына орнату үшін балалардың 20 макеті дайындалғанын хабарлаған болатынбыз.
Оқи отырыңыз