KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОБ
492.22 529.38 5.03

Өскемен қаласының әкімі алғашқы қоңырау салтанатына қатысты

1.09.2023, 10:56 342 Ләззат Қанатқызы

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар О.Бөкей атындағы №44 лицейде өткен алғашқы қоңырау салтанатына қатысып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерді құттықтады.

Өскемен қаласы бойынша 5300-ге жуық бала биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 

– Бала мектеп табалдырығын аттағанда ата-анасының үкілеген үмітін арқалап келеді. Ата-анасы да өз бүлдіршінін осы мектептің қабырғасында саналы тәрбие, сапалы білім алады деп сенеді. Сондықтан осы оқу жылында ұстаздарға, әдеттегідей, сабырлылық, төзімділік тілеймін. Мемлекет тарапынан оқушылардың сапалы, қауіпсіз білім алуы үшін жағдай жасалып, қаржы бөлініп жатыр. Жаңа мектептер мен балабақшалар пайдалануға беріледі. Оның ішіндегі ең басты құндылық – білім мен тәрбие екенін естер шығармау керек, – деді қала әкімі.

Бүгін еліміздегі барлық білім ордаларында алғашқы қоңырау соғылып, мыңдаған бала бірінші сынып партасына отырды. Оның ішінде аймақта 96 б54 бала бірінші сыныпқа қабылданды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив