KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
488.91 532.62 5

Өскемендегі жаяу жүргіншілер өткелі жоғары апаттылық деңгейіне байланысты алынып тасталды

24.10.2023, 20:11 259

Жеңіс даңғылындағы «Бәйтерек» айналмалы жол айрығына шығаберістегі жаяу жүргіншілер өткелі алынып тасталды.

Аталған учаскеде жиі қайталанатын жол апаттары осы шараға себеп болды. Полиция қызметкерлері осы өткелде талай жаяу жүргіншіні көлікпен қағып кету фактілерін тіркеген, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

  - Көлік құралдарының соқтығысуы және жаяу жүргіншілерді қағып кету фактілері ескеріліп, өткел жоғары апаттылығына байланысты алынып тасталды. Айналмалы айрықта жүріп келе жатқанда жүргізушілер жол сызықтарына ғана көңіл аударатындықтан, жаяу жүргіншілерге шұғыл арада көңіл бөле алмай, сол себепті көлігін тез тежеуге мәжбүр болады, - деп атап өтті Өскемен қалалық полиция басқармасы жол-техникалық инспекциясы бөлімінің басшысы Сергей Коваленко.   

Енді жолды кесіп өту үшін қалалықтар Жеңіс даңғылы мен Бейбітшілік көшесі қиылысына дейін жүруге мәжбүр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив