KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

«Шығыс ақпарат» ЖШС-не журналистер қажет

Фото: aif.ru

6.11.2023, 13:00 292

«Шығыс ақпарат» ЖШС журналистік лауазымдарға конкурс жариялайды. 
Талаптар:
- жоғары білім, аяқталмаған жоғары білім (журналистика, филология мамандықтары құпталады);
- БАҚ-тағы жұмыс тәжірибесі құпталады;
- ақпараттық себептерді таба білу, деректермен дұрыс жұмыс істеу;
- қазақ және орыс тілдерінде сауатты ауызша және жазбаша сөйлеу;
- дәстүрлі БАҚ-тың және әлеуметтік желілердің ақпараттық ағымында жұмыс істей білу;
- көп тапсырмаларды орындай алу.
Жауапкершілік және міндеттер:
- ақпараттық себептерді өз бетінше іздеу, әртүрлі жанрлық мәтіндерді жазу;
- инсайдерлік ақпаратпен жұмыс істеу, мақалада және жаңалықтар сюжетінде тақырыпты дамыту үшін эксклюзивті пікірлерді пайдалану;
- электрондық ресурсты әкімшілендіру аумағында мәтінді ресімдеу (қажеттілік бойынша);
- редакциялық тапсырмаларды жедел орындау.
Еңбекақы: әңгімелесу кезінде (кемінде 300 мың теңге).
Жұмысқа орналастыру формасы:
- ҚР Еңбек кодексіне сәйкес шарт (штаттық қызметкер);
- ақылы қызмет көрсету шарты (штаттан тыс).
Конкурсқа қатысу үшін мыналарды ұсыну қажет:
- жұмыс тәжірибесі, дағдылары, оның ішінде жекелеген жобалардағы жұмысы сипатталған түйіндеме; алдыңғы жұмыс орнының сайты немесе телефоны;
- өтініш беруші авторы болып табылатын жарияланған материалдардан тұратын портфолио;
- білімі туралы құжат;
- жеке басын куәландыратын құжат (көшірмесі).
Көрсетілген құжаттарды мына электрондық поштаға жіберу керек: otdelkadr@mail.kz.
Сіздің электрондық поштаға жіберілген хабарламаңыз конкурсқа өтінім болып саналады.
Іріктеуге қабылданған ізденушілер біліктілік деңгейін тестілеу үшін тапсырмасы бар әңгімелесуге шақырылады. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив