Өскемен: шағын аудандардың жолы жөнделеді
Фото: Aikyn.kz
ШҚО-да 2024 жыл “Жол жылы” деп жарияланған болатын. Осыған орай өңірде бірқатар жолдар жаңартылмақ.
Облыс орталығында биыл шағын аудандардың жолдарына ерекше көңіл бөлінбек, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
- Бірінші кезеңде 25 учаскенің жолын жөндеуді жоспарлап отырмыз. Оның нақты тізімі кейінірек жарияланады. Оның көпшілігі шағын аудандардың жолы болатынын айта кеткен жөн, - дейді қала әкімі Жақсылық Омар.
Сондай-ақ шаhар басшысы өткен жылы Шмелев Лог ауылынан, сол жағалаудан және басқа да шағын аудандардан келген бастамашыл топтармен бірлесіп жұмыс жоспары әзірленгенін атап өтті. Асфальт жабынын төсеу үшін нақты учаскелер тұрғындардың тікелей қатысуымен анықталған.
Оқи отырыңыз