Өскемен гарнизоны жас сарбаздармен толықты
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы 27943 әскери бөлімі Отан алдындағы борышын өтеуге келген жастарды қабылдады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты
- Әскери қызмет – бұл физикалық төзімділіктің сынағы ғана емес, сонымен қатар көшбасшылық қасиеттерді дамытатын, ынтымақтастықты нығайтатын және ортақ мақсатқа жетелейтін мүмкіндік. Ағашқы ай жаңа сарбаздар үшін бейімделу кезеңі болмақ. Яғни, олар жарғыларды оқып, сапқа тұрудың негіздеріне үйретіледі. Бір сөзбен айтқанда әскери өмірге дайындалады, – деді жас сарбаздар жиынының штаб бастығы подполковник Әлібек Шағаев.
Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөліміне еліміздің 11 аймағынан шамамен 400 азамат келген.
- 27943 әскери бөліміне қосылып, өз еліме қызмет ету мен үшін үлкен мәртебе. Отан алдындағы борышымды өтеу әр азаматтың парызы. Халқымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барымды саламын, – деді жас сарбаз Марлен Алтынов.
Оқи отырыңыз