4%-дық автонесие: жаңа талаптар 15 мамырға дейін жарияланады
Фото: Шартты сурет
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев 4 пайыздық автонесиенің жаңа талаптары 15 мамырға дейін жарияланатынын жеткізген.
Белгілі бір мөлшерден жоғары жалақы алатын азаматтар бағдарламаға қатыса алмауы мүмкін, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
– Белгілі бір мөлшерден жоғары жалақы алатындар бағдарламаға қатыса алмайтындай етіп жалақы бойынша ең жоғары шекті белгілейтін боламыз. Бұл бағдарламаны одан әрі жетілдірумен байланысты. Жаңа талаптар 15 мамырға дейін жұртшылыққа жарияланады, – дейді министр.
Сонымен қатар министр бағдарламаға қатысу үшін міндетті бастапқы жарна туралы да мәлімдеген.
– Қазір бізде Ұлттық банктің базалық ставкасы – 16%, сондықтан автонесиелеудің 4% жақсы пайыздық мөлшерлеме деп санаймын. Сондықтан бұл бағдарлама өте табысты жүріп жатыр, – дейді министрлік басшысы.
Енді аталған автонесиені алған адамдардың аты-жөні жариялануы мүмкін.
Оқи отырыңыз