Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады
Фото: Zakon.kz
Құжат Ашық НҚА сайтында орналастырылған.
Қорғаныс министрлігі ҚР Үкіметінің "Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы" қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Altaynews сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Құжатта 2023 жылы әскери қызметке шақыруға жоспарланатын запастағы офицерлердің жалпы саны, сондай-ақ құрамында запастағы офицерлерді шақыру жоспарланатын мемлекеттік органдардың атаулары қамтылады.
Құжат 6 маусымға дейін жария талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.