KZ
Өскемен
+27°
ясно жел 2 м/с, СШ
467.29 501.03 5.35

Орман өртіне қатысты жалған ақпарат тарады – Абай

Фото: egemen.kz

12.06.2023, 10:46 299

Абай облысындағы ірі өртке қатысты жалған ақпарат тараған. Интернет желісінде тараған видеода орман ағаштарын тұтату үшін дайындалған тамызық бейнеленген.

Облыс әкімдігі видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

  "Интернет желісінде видео тарап жатыр, онда адамдар тобы орманда ағаштарға от қою үшін тамызықтар дайындалғанын айтады. Олардың бірі Жабық ауылының атауын атайды. Ақпараттарға сүйенсек, 2021 жылдың маусым айында Ресей Федерациясы Челябі облысының Жабық ауылында орман алқабында ірі өрт болды. Бұл, видеороликтің Абай облысына еш қатысы жоқтығын айғақтайды", - деп жазылған хабарламада.

Әкімдік ресми ақпарат көздеріне ғана сену керектігін мәлімдеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив