KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 3 м/с, ОБ
479.05 534.57 5.17

Қазақ-қытай шекарасының маңында жанармайға сұраныс артты

Фото: egemen.kz

4.08.2023, 10:26 194

Абай облысы әкімдігінің дерегінше, Үржар ауданында жанар-жағармай қоры жеткілікті.

Үржар ауданында 14 жанармай құю стансасы бар, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Үржар ауылында 3 жанармай құю бекеті және 1 сұйытылған газ сатуға арналған жанармай құю станциясы, Мақаншы ауылында – 1, Ақжар ауылында – 3, Бақты ауылында – 1, Таскескен ауылында – 2, Қабанбай ауылында 2 жанармай құю станциясы және 1 сұйытылған газ сатуға арналған жанармай құю станциясы бар.

Қазіргі уақытта туристік маусымның қызған шағында автокөлік санының көбеюіне (күніне шамамен 2500 автокөлік), сондай-ақ шекарадағы көлік-логистика орталығының жұмысына (күн сайын 120 жүк көліктері ҚХР жөнелтіледі) байланысты жанармайға сұраныс артты. Әсіресе АИ-92 маркалы бензинге сұраныс жоғары.

Бақты, Үржар ауылдарында және Таскескен-Бақты республикалық тасжолының 92 шақырымында орналасқан «PetroRetail» және «Helios» жанар-жағармай құю станса желілері компанияның Аягөз және Өскемен қалаларындағы мұнай базаларын үздіксіз жанар-жағармаймен қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда облыстағы жанар-жағармай қоры: АИ-92 - 82,6 тонна; АИ-95 - 6,0 тонна; дизель отыны- 92,5 тонна.

Қазіргі күні ауданға: 117,9 тонна АИ-92, 6,5 тонна дизель отыны келе жатыр.

Айта кетсек, 30 шілдеде Қабанбай ауылында «Alem Trans Oil» ЖШС сыйымдылығы 30 текше метрді құрайтын жылжымалы модульді жанармай құю станциясы іске қосылды.

Ауданда жанар-жағармаймен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив