KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 2 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Үлкен Нарында заманауи жанармай құю стансасы салынады

29.10.2020, 13:06 136

Катонқарағай ауданының орталығында көлік жүргізушілеріне сапалы қызмет көрсететін жанармай құю станциясы салынады. Бұл туралы аудан әкімі Ренат Құрмамбаев хабарлады.

– Аудан аумағында шағын және орта бизнесті қолдауға арналған жоспарлы жұмыстар жалғасын табуда. Бүгінгі күні аудан аумағында 12 дәмхана, 16 дәріхана, ресторан, 7 Жанармай құю станциясы мен 252 сауда нүктесі, наубайханалар мен басқа да нысандар халыққа өз қызметтерін ұсынып отыр. Биыл Үлкен Нарын ауылында жалпы сомасы 150 млн. теңгені құрайтын заман талаптарына сай жанармай құю станциясының құрылысы басталды, – дейді Ренат Құрмамбаев.

Аталмыш нысанды салу бағытында «Бұқтырма ойл» компаниясымен келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде құрылыс жұмыстары қолға алынған.

Келесі жылдың көктемінде қолданысқа берілуі көзделген нысанда ары-бері өткен жолаушыларға арналған жылы дәретханасы, жүрек жалғауға арналған кішігірім дәмханасы мен сауда нүктесі бірге болмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив