Ертең ШҚО-да қатты жел мен тұман күтіледі

Фото: pixabay.com
«Қазгидромет» ШҚ филиалының мәліметі бойынша, 6 наурызда түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғып, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетіп, екпіні 25 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Өскемен қаласында да күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілер көлік жылдамдығын асырмай, барынша мұқият болуы керек. Жаяу жүргіншілер де абайлық танытып, жарақат алу қаупін азайту шараларын қарастыруы қажет. Қатты жел кезінде ашық кеңістікте қалмауға тырысыңыз. Үзілген сымдар мен құлауы мүмкін заттардан аулақ болыңыз.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне хабарласыңыз, - дейді ШҚО ТЖД өкілдері.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне хабарласыңыз, - дейді ШҚО ТЖД өкілдері.
Оқи отырыңыз