KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 5 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Семейде жұрттың тынышын алған 1500 адам жауапқа тартылды

Фото: egemen.kz

10.10.2023, 10:12 204

Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Семей қаласында 1-курс студенттерін қабылдау кешін дүркіретіп өткізіп, халықтың мазасын алған 20 жастағы жігітке айыппұл салынды.

Семейде түнгі уақытта студенттерге арналған жатақхананың жанында жастар 1-курс студенттерін қабылдау кешін ұйымдастырған, деп хабарлайды Altaynews Кazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Қатты дауыс жақын маңдағы үйлерде тұратын тұрғындардың мазасын қашырып, олар полицияға шағым түсірген.

– Тәртіп сақшылары 20 жастағы ұйымдастырушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 437-бабы 1-бөлігіне (жеке тұлғалардың демалуына және тыныштығына кедергі келтіретін шұғыл қажеттілікпен байланысты емес шумен сағат 22.00-ден 9.00-ға дейінгі тыныштықты бұзғаны үшін) сәйкес әкімшілік хаттама толтырды. Осы бап бойынша жеке тұлғаларға 5 айлық есептік көрсеткіш (17 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады, – деп жазылған ақпаратта.

Әлеуметтік желіде тараған видеода жатақхананың алдына жиналған жастар бір-біріне су шашып жатқаны таспаланған.

Жыл басынан өңір полицейлері түнгі уақытта тыныштық бұзған 1500-ге жуық адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив