KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 5 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Қазпоштаның дамуына не кедергі болып тұр?

Фото: egemen.kz

12.10.2023, 16:11 284

БАҚ өкілдері қатысқан брифингінің барысында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының Экономика және қаржы жөніндегі тең басқарушы директоры Мират Өтепов Қазпоштаның дамуына кедергі болып отырған факторларды атады.

Оның себептерінің бірі ретінде жұмысшы санын атаған, деп хабарлайды Altaynews Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

– Қазпоштаның дамуын тежеп отырған фактордың бірі – онда 17 мыңнан астам адам еңбек етеді. Сондықтан олардың әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету керек. Бұған қоса оның Қазақстан бойынша филиалдары бар. Оны ұстап тұру шығындарын ұмытпаған жөн. Бұл шығындардың барлығы болған, қазір де бар. Негізі проблеманың бірі – Қазпоштаның қызметі қажетті деңгейде субсидияланбайды, – деді Мират Өтепов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив