KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 5 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Пойыз билеті қымбаттай ма?

Фото: egemen.kz

27.10.2023, 09:56 199

«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыз билетінің қымбаттауы туралы кейбір БАҚ-қа шыққан ақпаратқа түсінік берді.

Мекеме әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша темір жол тарифі биыл 1 қаңтарда 7%-ға өскенін еске салады, деп хабарлайды Altaynews Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Тарифтің өзгеруіне Көлік министрлігі келісім берген және бағаның шекті деңгейінің жыл сайынғы өсуін ескере отырып қымбаттатқан.

Ақпаратта айтылғандай, әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жүретін пойыздардан басқа, елімізде 2014 жылдан бастап экспресс коммерциялық пойыздары қатынайды. Коммерциялық пойыздар билетінің құны оны сатып алу мерзіміне және билетке сұранысқа байланысты белгіленеді.

— Сонымен қатар, елімізде пойыз билеттерін сататын жеке агенттік кассалар жұмыс істейді. Олардың кейбірі билетке комиссия бағасын қосып сатады, - деп түсіндірді «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз хатшысы Нариман Дүйсекеев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив