KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 5 м/с, З
479.05 534.57 5.17

«АрселорМиттал Теміртау» басшысы күніне 1 млн теңге жалақы алып келген

Фото: egemen.kz

30.10.2023, 15:48 195

Компания өзінің басқарушысы Палаватху Кришнан Наир Биджуға 2021 жылы 375,9 млн теңге немесе айына 31,3 млн, яғни күніне 1,01 млн теңге төлеп келген.

Бұл туралы Finance.kz Telegram-арнасы жазды, деп хабарлайды Altaynews Kazinformа агенттігіне сілтеме жасап.

— 2022 жылғы мәліметтер жоқ, өйткені компания өкілдері оларды қаржылық есеп депозитариі порталына енгізбеген. Ал бұл жұмыстар 31 тамызға дейін атқарылуы тиіс болатын. 2020 жылы Палаватху Кришнан Наир Биджу 344 миллион теңге алған. 2019 жылы оның алдындағы басшы Парамжит Сингх Калон 328 млн теңге алған. 2022 жылдың тамызында тапсырылған соңғы мәліметтер бойынша АрселорМиттал компаниясының таза кірісі 215 млрд теңгені құраған,-деп жазылған хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив