KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 4 м/с, СШ
479.05 534.57 5.17

Екпе алуды күшейту керек – Смайылов

28.11.2023, 18:00 249 Қызырбек Дүргінбайұлы

Ел аумағында қызылша ауруы күшейіп келеді.

 

Осыған орай Үкімет басшысы балалардың денсаулығын басты назарда ұстап, екпе алуды күшейту керектігін айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қызылшаға қарсы вакцина алуды күшейтіп, барлық әкімдерге вакциналау мәселесін жеке бақылауда ұстап, Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жұмысты үйлестіруді тапсырды.

 

– Қызылша асқынып кетсе, балалардың денсаулықтарына аса қауіп төндіреді. Сондықтан онымен тек денсаулық сақтау жүйесі ғана емес, бүкіл қоғам болып, күресуіміз қажет. Бала денсаулығы басты назарда болуға тиіс. Вакцина алудан басқа, мұндай қауіпті вируспен басқаша күресу мүмкін емес. Сондықтан, екпе алуды күшейту қажет, – дейді Әлихан Смайылов.

 

Бұған дейін ШҚО-да қызылша жұқтырған 87 жағдай анықталғанын жазған болатынбыз. Оның көпшілігі облыс орталығында болса, қалғандары Глубокое, Самар, Ұлан, Зайсан және Алтай аудандарында тіркелген.

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив