Қазақстанда ауылдық ипотеканы субсидиялау басталады

Фото: sputnik.kz
Қазақстанда жеңілдігі бар ауылдық ипотека пайда болады.
Ипотека үшін бастапқы жарна ретінде ауылда сатып алынатын тұрғын үй құнының 50%-ы субсидияланады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Press.kz порталына сілтеме жасап.
Мәжіліс депутаттары ауылдарды дамыту мақсатында бастапқы жарна ретінде сатып алынатын тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде субсидия төлеу тетігін көздей отырып, ауылдағы ипотеканы субсидиялау туралы бастама көтерді.
Олардың пікірінше, бұл жастардың тұруға қолайлы ауылдарды айқындауына мүмкіндік береді.
Ел Үкіметі бұл идеяны қолдады.
Депутаттарға берген жауабында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов «Отбасы Банкінің» сатып алынатын тұрғын үй құнының 50%-ы субсидиялау арқылы кредит беру көлемін ұлғайту мүмкіндігімен жер сатып алуға және үй салуға несие беру бойынша ынтымақтасуға дайын екендігін айтты.
Айжанат Бақытқызы