KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Еліміздегі ең танымал көлік маркасы белгілі болды

Фото: newauto.kz

24.01.2024, 17:00 194 Нұржан Кенжеұлы

«Қазақстандық автомобиль одағы» қазақстандықтар 2023 жылы жиі сатып алған автокөлік маркаларын атады.

 

Өткен жылғы сату қорытындысы бойынша нарықтағы үлесі 23,5 пайызды құраған еліміздегі ең танымал бренд болып Hyundai (46 725 көлік сатылған, өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 61,9%-ға өсім бар) танылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Сатылымы жағынан екінші орында Chevrolet (45 807 автокөлік, +33,6%) тұрса, үздік үштікті Kia (25 495 автокөлік, +76,8%) түйіндеді.

 

Сондай-ақ алғашқы ондыққа Chery (12 229 авто, +173,9%), Toyota (10 756 авто; +11,8%), Haval (7 558 авто, +403,9%), Jac (7 514 авто, +122,9%), Changan (6 087 авто), Jetour (3 930 авто) және Exeed (3 884 авто, +107%) енген.

 

– 2023 жылы ассортимент айтарлықтай кеңейіп, нарық қатысушылары арасындағы бәсекелестік күшейе түсті. Кейбір ойыншылар шамадан тыс жүктемелерге тап болды. Бірақ жеткізу жоспарлары түзетіліп, ағымдағы жылға арналған болжамдар консервативті болуда. Биыл «ҚАО» сарапшылары нарықтың 10-15% деңгейінде өсуін күтуде, – деп атап өтті «ҚАО» Президенті Анар Мақашева.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив