KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Рамазан және Наурыз: 33 жылда бір келетін сәйкестік

Фото: osken-onir.kz/

7.03.2024, 12:30 155

Биыл мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен сәйкес келеді. Дін ғалымдарының есебінше, мұндай сәйкестік 33 жылда бір келеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Соған орай, Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігіне қарасты мешіттерде Наурыз мерекесі күндері ұлттық ойындар ұйымдастырылып, ұлт мәзірі бойынша ауызашарлар беріледі. 

«Қасиетті Рамазан айы тек құлшылық айы ғана емес, қоғамға оң әсерін тигізер іс-шаралар да қолға алынды. Осы жылы алғаш рет «Табиғатты аяла» іс-шарасы аясында «Рамазанда бір тал ек», кітап оқуға баулу мақсатында «Мешітке кітап сыйла» акциясын өткізу жоспарланып отыр. Одан бөлек, Рамазан мейірімділік айы болғандықтан қайырымдылық орталығын ашуды көздеп отырмыз. Осы орталық арқылы әлеуметтік жағдайы әлсіз отбасыларға азық-түлік себеттері үлестіріледі. Әз Наурыз мерекесінде ауызашар, ұлттық ойындарға кезек беріліп, жамағатқа наурыз көже, бауырсақ тағы басқа таратылады», – деді наиб имам Мұхамеджан Естеміров.

Мұндай шаралар республиканың басқа өңірлерінде де қолға алынбақ.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив