Баланы басқа мектепке ауыстыруға қатысты шектеу алынып тасталды
Фото: ru.freepik.com
Елімізде енді балаларды мектептен мектепке бұрынғыдай каникул кезінде ғана емес, оқу жылы барысында да ауыстыруға болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
– Мектептен мектепке тек каникул кезінде ғана ауысуға рұқсат етілетін шектеу алып тасталды. Енді жаңа ережелерге сәйкес, балалар оқу жылында тұрғылықты жері бойынша мектеп ауыстыру мүмкіндігіне ие болды, – делінген министрліктің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада.
Сонымен қатар Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі ата-аналарға бірінші сыныпқа құжат қабылдау 2024 жылғы 1 сәуірден 31 тамызға дейін жүргізілетінін ескертті.
Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, ата-аналар балаларының құжатын электрондық үкіметтің egov.kz веб-порталы арқылы тапсыра алады.
Ал лицейлер мен гимназияларға балалар емтихансыз қабылданады.
Оқи отырыңыз