KZ
Өскемен
+20°
переменная облачность жел 4 м/с, В
486.44 534.31 5.06

«Raffaello»-ның контрафактілік өнімі табылды

11.09.2024, 18:00 72 Айжанат Бақытқызы

Қазақстандық кәсіпкер 76 қорап «Raffaello» тәттісінің көшірмесін сатпақ болған, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Астана қаласы Әділет департаментіне «Raffaello» тауар таңбасы құқық иесінің өкілінен арыз түскен. Өтініш негізінде кәсіпкерлік субъектісіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

«Тексеру барысында «Raffaello» белгісі бар кондитерлік өнімдердің контрафактілік өнімі табылды. Сондай-ақ өнімнің сапасы төмен ораудан дайындалғаны, барлық қаптамаларда сериялық нөмірдің бірдей екені және «Raffaello» тәттісінің түпнұсқасынан мүлдем өзгеше толтырылған сары түсті кәмпиттерінің бары анықталды. Тексеру барысында кәсіпкерден құны 110 200 теңге болатын 76 қорап «Raffaello» өнімі тәркіленді», – деп мәлімдеді Әділет басқармасы.

Құқық бұзушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Сот кәсіпкерге 30 АЕК (110 760 теңге) көлемінде айыппұл салды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив