Зейнетақы жинағын шешіп алу талаптары өзгере ме?
Фото: depositphotos.com
Ең төменгі жеткіліктілік шегінен асқан зейнетақы жинағын алуға ешқандай шектеу болмайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты.
Министрдің айтуынша, осы жылдың екінші жартыcында да ел азаматтары зейнетақы қорындағы ең төменгі жеткіліктілік шегінен асқан қаражатын алып жатыр. Дегенмпен, өткен жылмен салыстырғанда қаражат алу қарқыны біршама төмен.
Айта кетейік, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов зейнетақы жүйесіне қатысты жұмыс тобында БЖЗҚ-дан зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу талаптарын күшейтуді пысықтап жатқанын айтқан болатын.