KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
491.71 529.97 5.05

«Ұмай» әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады

Фото: depositphotos.com

13.09.2024, 12:11 105 Айжанат Бақытқызы

Әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекалық бағдарламасы келесі жылы қайта іске қосылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

«Ұмай» бағдарламасы коммерциялық банктерге қарағанда қолайлы жағдайлар ұсынып, жұмыс істейтін әйелдерді қолдау мақсатында құрылған.

«Бұрын 4 қалаға – Астана, Алматы, Атырау, Ақтауға өтінімдер көлемі бойынша шектеулер болған. Енді бұл шектеулер де жойылды. Айтпақшы, біздің банкте бірге қарыз алушы ата-аналардан бастап, күйеуі, ересек балалары, құрбылары, достары мен туыстары бола алады. Шәкіртақыны да кіріс ретінде қараймыз. Қызыңызға жаңа қалада пәтер алғыңыз келсе, әйелдер ипотекасын неге пайдаланбасқа? - деп жазды Facebook-тегі жеке парақшасында «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов.

Оның айтуынша, ипотеканы алу үшін алғашқы жарна ретінде несиенің 20 пайызын «Отбасы» банкінің депозитінде сақтау қажет. Іріктеу кезінде депозиттегі жинақталған сыйақының көлемі маңызды рөл атқарады. Пәтерді кез келген қаладан немесе ауылдан сатып алуға болады.

НЕСИЕНІҢ ШАРТТАРЫ:

Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14,4 %;

Несиелік мөлшерлемені төмендету несие сомасының 50% жинақталғаннан кейін 3,5 % -5 % дейін төмендейді;

Несиенің максималды сомасы 30 млн теңге;

Несие мерзімі 25 жылға дейін;

Бағдарламаға қатысуға кез келген отбасылық жағдайдағы әйелдер (некеде немесе бойдақ), бірақ міндетті түрде ресми табысы бар қыз-келіншектер қатыса алады,  шәкіртақы да кіріс ретінде саналады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив