KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 0,6 м/с, С
478.16 534.92 5.18

Алтайлық жастар шерулетіп, дауылпаз үнімен алаңды жаңғыртты

10.05.2023, 12:16 374

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Алтай ауданының жастары Орталық алаңдағы шеруге қатысып, тәртіп сақшылары мен қорғаныс істері саласындағы мамандарды мерекеге орай құттықтады.

«Жастар – жердің қорғаны, мемлекеттің берік тірегі» атты патриоттық акцияға қатысқан жас әскерилер дауылпазды дүбірлетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аудан әкімі Ернар Мустафин шара барысында тәртіп сақшылары мен Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қызметкерлеріне мінсіз қызметі мен ауданның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттарын табыстады.

 

  Іс-шараға қатысқан Алтай қаласының оқушылары салтанатты шеруде жүріп өтті. Олардың қатарында облыстық «Жас Ұлан» және «Қайсар» әскери-спорттық ойындарының абсолютті жеңімпаздары, оқу үздіктері, аудандық, облыстық және халықаралық зияткерлік жарыстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары, стартап саласы бойынша облыстық IT-фестивальдің жүлдегерлері бар. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив