Шығыстық құтқарушы үздік атанды – ШҚО
5-9 маусым аралығында Көкшетау қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ҚР кубогы үшін жарыс өтті. Жарыста ШҚО ТЖД спортшысы Марат Романов кедергілері бар 100 метрлік жолақты еңсеріп, чемпион атанды.
Мақсат Романов жеке есептегі сайыста уақыт бойынша үздік нәтиже көрсетіп, алға озған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Спортшы финалда мәреге 16,36 секунд уақытта жүгіріп жеткен. ТЖД маманы бұл спорт түрімен бала күнінен айналысады.
Мақсат Романов ШҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мамандандырылған жасағында өрт сөндірушілерді арнайы дайындайтын нұсқаушы болып жұмыс істейді.
Оқи отырыңыз