KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 1 м/с, З
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

ШҚО полициясы бейресми жиын өткізіп, доп тепті

Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды

19.06.2023, 16:12 322

17 маусымда ШҚО-ның тәртіп сақшылары тимбилдинг ұйымдастырды.

Полиция қызметкерлері бейресми жағдайда спортпен шұғылданып, білім беру тренингін өткізіп, саладағы реформа турасында әңгіме өрбітті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ТМК стадионында ШҚО ПД мен Өскемен қаласының ПБ саптық бөлімшелерінің 300-ден астам қызметкері шағын футболдан жолдастық турнир өткізіп, армрестлинг, гір спорты және арқан тарту бойынша жарысты. Сонымен қатар тәртіп сақшылары ұжымды біріктіруге бағытталған тренингтерге қатысты.

Дерекке сүйенсек, мұндай жиын әсіресе қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі міндеттің едәуір бөлігін орындайтын саптық және арнайы бөлімшелер үшін маңызды. Бұл байланыс орнату, міндетті бірлесе шешу, келіссөз жүргізу, шешім қабылдай алу дағдысын шыңдайды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив