KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

ШҚО-да цистерналы жүк көлігі аударылып қалды

7.07.2023, 17:53 349 Оразай Жеңісұлы

Күршім ауданындағы Ақбұлақ және Егіндібұлақ ауылдарының арасында жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

 Бұл - бүгін болған оқиға. Цистерналы көлікте 23 тонна күкірт қышқылы болған. Апат салдарынан, шамамен, 20-21 тонна күкірт қышқылы төгіліп қалды. 

Қазіргі уақытта аудан әкімі мен уәкілетті органдардан құрылған комиссия оқиға орнында жүр. Мамандар арнайы техникамен құтқару жұмыстарын жүргізді. 

Құқықтық бағалау және жауапкершілік заңнамаға сәйкес айқындалады. Қосымша ақпаратты тиісті мекемелер хабарлайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив