ШҚО: Жаңа оқу жылында қандай өзгерістер болады?
Фото: Baq.kz
Жаңа оқу жылында білім ордаларын бірнеше тың өзгерістер күтіп тұр. Мәселен, оқу жылының қысқаруы, колледж студенттері шәкіртақысының өсуі мен мұғалімдерді аттестаттау рәсіміндегі өзгерістер.
Бүл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ШҚО білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева айтып берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мұғалімдерді аттестаттау рәсімінде де өзгерістер болады. Яғни, тестілеу тек бейіндік пән бойынша жүргізіледі.
Айта кету керек, қазір мектеп директорлары лауазымына кадрлардың жетіспеушілігі әлі де өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Оны шешу үшін Президенттік кадр резервінің үлгісі бойынша "Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы" жобасы іске қосылды.
Қыркүйек айында мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілерінің жалақысы 30%- ға ұлғаяды.
Оқу жылы қарсаңында Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңір мектептеріне мониторинг жүргізді.
Жалпы, ведомство өкілі Бақыт Тесымбаеваның айтуынша, барлық білім беру нысандарында оқушылардың қауіпсіз білім алуы және жеке гигиенасын сақтауы үшін жағдайлар жасалған.