KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
494.87 520.65 4.91

Полицейлер әлеуметтік қызметкерлерге алаяқтықтың түрлері туралы түсіндірді

Фото: egemen.kz

11.10.2023, 09:13 188

Өскемен қаласының Полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік қызметкерлермен кездесіп, алаяқтық туралы түсіндірді.

Тәртіп сақшылары зейнет жасына жеткен азаматтарға қатысты жиі кездесетін қылмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

– Алаяқтық туралы хабар беру мен ол туралы ақпаратты арттыру – маңызды шара. Әлеуметтік қызметкерлері осы шарада маңызды рөл атқарады, – деп жазылған Өскемен қалалық ПБ хабарламасында.

Құқық қорғаушылар деректерді алаяқтардан қорғаудың жолы, алаяқтықтың түрлері, заңсыз әрекетке тап болған кездегі іс-қимыл алгоритмі туралы баяндады.

– Полицейлердің айтуынша, алаяқтар жалғыз ілікті қарт адамдарды жиі алдайды. Мысалы, туыстарының қиындыққа тап болғанын айтып, ақша аудару керек екендігін жеткізеді, – деп жазылған хабарламада.

Кездесудің соңында полиция қызметкерлері маңызды ақпарат жазылған парақшаларды таратты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу