KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 5 м/с, З
479.05 534.57 5.17

ШҚО-да өндірілген өнім елордадағы жәрмеңкеге қойылды

14.10.2023, 15:18 301

Демалыс күндері Астанада өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкесіне Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облысының өндірушілер қатысады.
Мұнда ет, балық пен балға сұраныс жоғары, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

— Астанаға көшкелі талай жыл өтсе де туған жердің тамағының дәмін ұмытпаймыз. Катонқарағайдың балын алдым. Бірден дәмін татып көрдім, өте тәтті, табиғи таза екен. Оның үстіне пайдасы да зор дейді. Одан басқа Зайсанның балығын алғым келеді, бұл жақта ол да бағалы, —дейді Астана тұрғыны Кәмила Мұқатаева.

Жәрмеңкеге егде жастағы қарияларға дейін барыпты.

– Біз 6 жыл бұрын Өскеменнен осы жаққа көшіп келдік. Алайда мүмкіндік бола қалса туған жердің өнімін алуға тырысамыз. Бүгін әжемізді ертіп ет пен балық алуға келдік. Жәрмеңкеге түрлі өнім қойылыпты, халықтың да қарасы қалың, — дейді Камилла Тастанбекова.

Аймақтағы өндірушілер Астанаға 49,2 тонна бал, 2 тонна шұжық өнімін, 8 тонна сүт өнімін, 16 тонна өсімдік майын, 3 тонна ұн мен жарма, 9 тонна балық, 29,8 тонна ет, 4 тонна қымыз бен ұлттықтағам, 700 литр алкогольсіз сусын және өзге де өнім апарған.

Жәрмеңкеде жалпы құны 244,5 млн теңге болатын 123,2 тонна ауылшаруашылық өнімі сатылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив