KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 2 м/с, В
488.91 532.62 5

Глубокое ауданының әкімдігі жөндеуді қажет етпейтін жолға 27,5 млн бөлмек болған

Фото: gov.kz

30.10.2023, 11:01 140

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі агенттіктің волонтері Әділ Пшеновпен бірлесіп Глубокое ауданына қарасты Белоусовка кентіндегі жөнделіп жатқан жолдардың сапасына мониторинг жүргізді.

Ауданның Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік сатып алу порталында сомасы 27,5 млн теңге хабарландыру жариялаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мониторинг барысында аталған мемлекеттік сатып алу конкурсының техникалық ерекшелігі жүргізіліп жатқан жұмыстарға сәйкес келмейтіні анықталды.

Аудан әкімдігі жөндеу жүргізу керек деп тапқан 500 метрге жуық жолда ондай қажеттілік болмаған. Яғни, аталған учаске мемлекеттік сатып алу порталында көрсетілмеуі керек еді.

Материалдарды зерттей келе, мемлекеттік сатып алу мәселесін қайта қарау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін Антикор Глубокое ауданының әкімдігіне тиісті шара қабылдауды ұсынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив