KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
488.91 532.62 5

ШҚО Ана мен бала орталығының педагогикалық қызметкерлерінің жалақысын қайта есептеу қаралып жатыр

Фото: egemen.kz

31.10.2023, 12:06 117

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі биыл тамыздан бері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын іске асырып жатыр. Жоба азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне тарту мақсатында ұйымдастырылған. Қазіргі таңда облыста 105 ерікті мен қоғамдық ұйымдар жобаға қосылған. Олар әлеуметтік нысандарға мониторинг жүргізіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтайды. Сонымен қатар, азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсетіп, түрлі шара өткізеді.

Қызметтің волонтері Виктор Штейн облыстық Ана мен бала орталығының қызметін тексеріп, маңызды мәселе анықтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Денсаулық сақтау мекемесінде педагогикалық мамандықтар бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер, яғни педагог-психолог, дефектолог-мұғалім, логопед-мұғалім, балаларға арналған оңалту орталығының дене шынықтыру нұсқаушылары еріктіге білім беру ұйымдарына жұмысқа ауысқан жағдайда осындай мекемедегі жұмыс өтілі педагогикалық болып есептелмейтінін айтқан.

Волонтер осы мәселені жеткізу үшін Оқу-ағарту министрлігіне сауал жолдады. Министрліктің жауабын ескере отырып ерікті облыстық Білім басқармасына сауал жолдаған. Департаменттің дерегінше, бүгінгі таңда аталған қызметкерлердің жалақысын коэффициентке сай қайта есептеу мәселесі қаралып жатқан көрінеді.

— Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктінің араласуының арқасында білім беру саласының қызметкерлері үшін әлеуметтік маңызды мәселе шешілді, — деп жазылған Департаменттің хабарламасында.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив