ШҚО-да «Жедел жәрдем» диспетчері толғағы қысқан әйелге телефон арқылы көмектесіп, босандырып алды
Фото: egemen.kz
Бүгін сағат 4.29 шамасында Өскемен қаласында «Жедел жәрдем» диспетчері толғақ қысқан 43 жастағы әйелге кеңес беріп, босануға көмектесті. «Жедел жәрдем» қызметін күткен әйел диспетчерге хабарласқан.
Гүлнәр Кәріпбаева толғақ қысқан әйелге босанғанға дейін нұсқау айтып, кеңес беріп отырған көрінеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
— Шақырту орнына жеткен 26-бригаданың дәрігерлері — Арай Үмітова мен Айдана Өміртаева клиникалық протоколға сай әрекет етіп, әйелді босандырып алған. Бала жүктіліктің 39-аптасында дүниеге келді, — деп мәлімдеді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Басқарма ана мен баланың жағдайы тәуір екенін, бала дүниеге келгеннен кейін екеуі де перзентханаға жеткізілгенін хабарлады.
Оқи отырыңыз