KZ
Өскемен
-25°
плотный туман жел 1 м/с, З
503.61 524.96 5.58

ШҚО-да сумен және жылумен қамту жүйелері жаңғыртылып жатыр

30.11.2023, 12:33 214 Ләззат Қанатқызы

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев өңірдегі 356 ауылдың 334-і таза суға қол жеткізіп отырғанын айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

- Ауызсумен қамтамасыз етілмеген 22 ауыл қалады. Оның 9-ы биыл суға қол жеткізсе, қалған 13 ауылдың мәселесі екі жыл ішінде шешіледі. Осылайша, 2025 жылға қарай облыстың барлық ауылдары сумен қамтамасыз етіледі, - деді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.

Тұрақты энергетикалық жүйе-бұл әлеуметтік, экономикалық және экологиялық құрылымның тұрақтылығы.

Сонымен қатар өңірдің жылумен жабдықтау жүйесі 3 ірі ЖЭО және 32 шағын қазандықтан тұрады. Өткен жылыту маусымы Риддер ЖЭО-дағы апаттан басталды, апат салдарынан қаланың 50 мың халқы жылусыз қалды.

- Үкіметтің қолдауымен өте қысқа мерзімде біз 6 қазандық агрегатына жөндеу жүргізіп, жылу беру маусымын уақтылы бастадық, - деп атап өтті ШҚО әкімі.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 16 мердігер ұйым жұмылдырылды, 500-ден астам адам тартылды, олар 2 ауысымда тұрақты жұмыс істеді.

Естеріңізге сала кетейік, 12 қазанда Риддер ЖЭО қалалық коммуналдық меншікке қабылданды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу