KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 3 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

Ақжар халық театры Өскемен төрінде өнер көрсетеді

11.12.2023, 21:04 242 Ынтымақ Толқын

Өскеменге Тарбағатай ауданының халық театры келді.

 

12 желтоқсанда Шоқан Мұхамадиев атындағы Ақжар халық театры облыстық драма театрының сахнасында "Әке аманаты" қойылымын сахналамақ, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Өткен ғасырдың 60-жылдары республика аудандары ішінде таңдаулы халық театры болған аталмыш ұжым облыс орталығының тұрғындарын тамаша қойылыммен қуантпақ.

 

Халық театры көрермендер үшін драматург Айзат Қадыралинаның "Әке аманаты" драмасын дайындаған. Адам жүрегін елжіретіп, көкейіне ой салатын қойылымды 12 желтоқсан күні кешкі сағат 17:30-да облыстық драма театрының үлкен сахнасынан тамашалай аласыздар.

Кіру тегін.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив