KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 3 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

Глубокое ауылында 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі

17.12.2023, 18:06 210 Назерке Каримова

Жақында Глубокое ауылында 60 отбасы қоныс тойын тойламақ. 

Глубокое ауылындағы 60 пәтерлі үй келер жылдың басында пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл үйдегі 27 пәтердің иелері қазірден анықталып, «Отбасы банкі» арқылы несиелендіруге рұқсат алып қойған. Тұрғын үй таза әрлеу күйінде беріледі. Мердігерге тек электр қуатын беру ғана қалды.

Учаскедегі жұмыс барысымен танысып қайтқан облыс әкімі Ермек Көшербаев тұрғын үй құрылысы, әсіресе, ауылдық жерлерде өте маңызды екенін атап өтті. Өйткені ауылға жұмысқа келген мамандар үшін баспана мәселесін шешу - бірінші кезектегі міндет. Алдағы уақытта Глубокое ауылында 100 пәтерлік тағы бір тұрғын салу жоспарда бар.

Көктемде мұнда абаттандыру жұмыстары басталмақ.  Алдымен балалар және спорт алаңы жабдықталып, кіреберіс жолдар мен көлік тұрақтары абаттандырылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив