Жастар театрына автобус беріледі - ШҚО
Шығыс Қазақстан облысында мәдениет саласына ерекше көңіл бөлініп отыр. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау да аз емес.
Келер жылы өңірдегі мәдениет нысандары жаңа көліктермен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
ШҚО әкімінің Өскемен тұрғындарымен болған кездесуінде облыстық Жастар театрының қызметкері Абай Дәулетұлы шығармашылық ұжым жиі-жиі гастрольдік сапарға шығатынын, ол үшін арнайы көлік қажет екенін айтты.
– Бұл мәселені шешеміз. Автобус беріледі. Жалпы, облыстағы мәдениет нысандарын жаңа көліктермен қамтамасыз етуді жіті назарға алдық. Келер жылдың басында театр ұжымымен кездесемін. Сол кезде басқа да мәселелерді талқылаймыз.
Жалпы мәдениет саласына, оның ішінде ауыл кітапханаларын дамытуға да көңіл бөлеміз. – деді аймақ басшысы Ермек Көшербаев.
Оқи отырыңыз