KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 4 м/с, В
481.84 531.33 5.07

31 желтоқсанда Өскеменде бұрқасын, көктайғақ болады

paryz.kz

30.12.2023, 18:18 245 Назерке Каримова

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 31 желтоқсанда Өскемендебұрқасын, көктайғақ болады.

Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

ТЖ мамандары тұрғындардан дауылды ескертулерге немқұрайлы қарамай, мүмкіндігінше ұзақ сапарларға шықпау керектігін ескертеді.

- Егер қаладан, елдімекендерден алысқа шығу керек болса көлікті қысқа дайындап, дөңгелектерін ауыстыруды, өзіңізбен бірге жылы киім мен күрек, арқан алуды ұмытпаңыз. Жүргізушілер жылдамдық режимін, сақтық шараларын қатаң сақтауы керек. Жолға шығар алдында жол жағдайын нақтылаңыз – мұны «Дәрмен» тегін ұялы қосымшасын жүктеңіз. Республикалық маңызы бар жолдардың жай – күйін 26-28-08, облыстық - 57-42-52 телефондары арқылы анықтауға болады, - дейді ТЖ қызметі.

Жаяу жүргіншілерге көшелер мен жолдарды кесіп өту кезінде өте мұқият болу керек және жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін шаралар қабылдау керек. Көлік құралдарының жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін және қашықтықты қатаң сақтау керек.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив