Риддерде Громотуха өзені арнасынан тасыды: жол қалпына келтірілді
Риддер қаласында жергілікті Громотуха өзенінің арнасынан тасуына байланысты Хариузов ГЭС-де қабыршақ мұз жинақталып қалды. Салдарынан 30-дан астам саяжай үйлері мен жырада орналасқан саяжай кентіне апаратын жолды су басты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Риддер әкімдігінің өкілі Мақсат Акрамовтың айтуынша, қазір жағдай бақылауға алынған.
Ол қалада учаске иелеріне келтірілген зиянның мөлшерін анықтайтын комиссия құрылғанын атап өтті. Сондай-ақ осы ауданда тұрғын үй және саяжай құрылыстарын салудың заңдылығына тексеру жүргізілмек. Заңдылық анықталған жағдайда, «ЛК ГЭС» компаниясы» ЖШС тарапынан тұрғындарға келтірілген залалды өтеу туралы мәселе шешілетін болады.
Компания директорының м.а. Дмитрий Бояринов түсіндіргендей, олардың кәсіпорны «Риддер ЖЭО», су арнасы мен "Казцинкке" су жеткізумен айналысады, оған қоса электр энергиясын өндіру қосылады.
Компания өкілі қабыршақ мұзды өткізбеген жағдайда канал жұмысын тоқтатып, қала сусыз және жылусыз қалады деп қосты.