Ұлан ауданынан келген кондитер ерекше тәттілер жасайды
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бизнес-идеяны жүзеге асыруға қолдау көрсетуде.
Мәселен, Ұлан ауданынан келген Мадина Қанапиянова бір жыл бұрын өз кәсібін мемлекеттің қолдауының арқасында бастаған болатын. Ол кондитер өнімдерін, оның ішінде мұздатылған мусс десерттерін жасайды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Дәмі тіл үйіретін тәттілер қазірдің өзінде сұранысқа ие. Қолайлы температурада сақталған өінмдер бірнеше ай бойы дәмін жоғалтпайды. Мадинаның айтуынша, оған дейін бұл аймақта ешкім мұндай ерекше дүниемен айналысқан емес.
Айта кетейік, ұлттық жобаның арқасында кәсіпкерлікпен айналысатын өңір тұрғындарының көбі өз ісін аша алады. Мысалы, Жандос Камзинов өңірде бірінші болып түрік айранының өндірісі мен сатылымын жолға қойды. Ол сонымен қатар лимонад шығарады. Кәсіпкердің өнімі өңір тұрғындары арасында сұранысқа ие. Мұндай мысалдар жетерлік. Мәселен, ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ақпараты бойынша, былтыр тоғыз ауданнан келген ұлттық жобаның 49 қатысушысы жаңа бизнес жобаларды іске асыру үшін 243,1 миллион теңге көлемінде мемлекеттік грант алған.
Қуаныш Рахметоллаұлы